Bugin
Қазақстанның көлік полициясы мереке күндері тәртіпті күшейтілген нұсқада қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Көлік полициясының басшысы Бақытжан Малыбаев жолаушыларға қауіпсіздікті күшейтуге түсінікпен қарауды сұрады. Сондай-ақ азаматтарға жеке мүліктің сақталуына мұқият болуды және оны қараусыз қалдырмауды еске салды» делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазақстан Республикасы теміржолдарының жалпы ұзындығы 21 мың шақырымнан асады, онда жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған 1047 станция және 305 теміржол вокзалы орналасқан. Сондай-ақ 26 әуежай жұмыс істейді, олардың 17-сі халықаралық маңызы бар мәртебеге ие.