Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«ҚазАгроҚаржы» компаниясының Алматы облысы бойынша филиалындағы бұрынғы топ-менеджер Ержан Ұстаев өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Время» сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ол өзін көлігінде атып өлтірген. Ал денесін сағат 12:30-да Талдықорған қаласының «Көктем» шағынауданында кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар тапқан.
«Қазіргі уақытта суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Марқұмның өліміне «ҚазАгроҚаржы» филиалындағы жұмысынан шығып кеткеннен кейінгі қаржы проблемалары әсер еткен болуы мүмкін» делінген хабарламада.
Ол 4 қыркүйекте 47 жасқа толған еді. Аталмыш компанияда 21 жылдан аса қызмет еткен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61