Bugin

Бүгін қандай күн: 15 желтоқсан Қазақстанда және әлемде қандай мерекелер тойланады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Григориан күнтізбесіндегі 349-шы күн. Жыл соңына дейін 16 күн қалды. Bugin.kz порталы 15 желтоқсанда дүниеге келген тұлғалар, дәл осы күні тарихта есте қалған қалған жылдар тізімі мен бұл күнде тойланатын мерекелерді ұсынады.

Қызықты деректер

15 желтоқсан эсперанто тілін сүйерқауымның Заменгоф күні деп аталатын мерекесі. Бұл мереке тілді шығарған Людвиг Заменгофтың туған күніне орай күнтізбеге енгізілген. Мереке ресми болмаса да, 1920 жылдан бері аталып өтіп келеді. Мақсаты — эсперанто тілінің танымалдылығын арттыру. Бүгінде эсперанто тілі — жасанды тілдердің ішіндегі ең танымалдарының бірі. Оны көптеген мемлекет тұрғындары қолданады. Тіл авторы Людвиг Заменгов аталған тілді оңай меңгеруге көмектесетін лингвистика жүйесін ойлап тапқан. Статистикалық мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда 2 миллион адам осы тілде сөйлеп жүр. Бұл жасанды тілде кітаптар мен журналдар шығарылады.

Сондай-ақ, бүгін — халықаралық шай күні. Бұл мерекені алғаш рет 2005 жылы атап өткен болатын. Оның бастапқы мақсаты — қоғамды шай индустриясындағы өзекті мәселелерге назар аударту. Ауқымды шаралар негізінен Үндістан мен Шри-Ланкада өтетін болған. Кейін бұл екеуін Индонезия, Кения, Уганда және т.б. мемлекеттер толықтырды. Бұл күні жұрт дастархан басында жиналып шай ішіп, би билеп, ән салады.

Әлемде болған тарихи оқиғалар

1821 жылы Франция географиялық қоғамы құрылды;

1884 жылы АҚШ-та күзет мұнарасы қоғамы тіркелді;

1964 жылы Канадада үйеңкі жапырағы бейнеленген мемлекеттік ту қабылданды;

1966 жылы астроном Одуэн Дольфюс Сатурнның серігі Янусты ашты.

15 желтоқсан күні әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

37 жылы римдік император Нерон дүниеге келді. Ол 54 жылдың 13 қазанынан бастап таққа отырған;

1907 жылы құрылыс, архитектура саласындағы ғылыми қайраткер, Останкино телемұнарасының авторы, техника ғылымдарының докторы Николай Никитин дүниеге келді;

1952 жылы ресейлік және кеңестік тележүргізуші, продюсер, режиссер, телевизия саласының қайраткері Андрей Разбаш туды. Ол "ВИD" телекомпаниясын құрушылардың бірі.

1832 жылы француз инженері, Париждегі оның құрметіне аталған мұнараның авторы Александр Густав Эйфель дүниеге келді.

15 желтоқсанда Қазақстанда дүниеге келген тұлғалар

1913 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекхожин Қалижан Нұрғожаұлы дүниеге келді.

1929 жылы суретші, Қазақстан халық суретшісі, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Гүлфайруз Ысмаилова туды;

1950 жылы экономика ғылымының докторы, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов өмірге келді;

1955 жылы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Николай Радостовец өмірге келді.