Bugin

Жаңаөзенде 19 жастағы әскери қызметші бөлмесінде асылып қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысында келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметші өз бөлмесінде асылып қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиғаны Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлімдеді.

Дерекке сүйенсек, мәйітті әріптесі тапқан. Қайғылы оқиға Жаңаөзен ҚР Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінің жатақханасында орын алды, онда 19 жастағы жігіт бөлмесінде белбеуіне асылып қалған.

- Қаза тапқан әскери Ұлттық ұлан қатарында 2021 жылдан бері болды. Ол Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт бойынша маман-сапер болып қызмет етті. Үйленбеген. Туыстарына қаралы хабарды жеткіздік. Қазір барлық жағдайды анықтап жатырмыз, – деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа.