Bugin

Ереуілге шыққан Маңғыстау мұнайшылары далаға түнеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстаудағы Phystech II АҚ жұмысшылары төрт күн бойы ереуілдетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Lada.kz дерегінше, жұмысшылар аязға қарамастан жапан далада наразылықтарын білдіріп тұр. Оларға вахтаның ауысымдағы жұмысшылары қосылған.

Мұнайшылар жалақыларын 100 пайызға арттыруды сұрайды. Бірінші күні олар президент Тоқаевқа бейнеүндеу жазды. Кейінірек Phystech II қызметкерлері аязды күні олардың киіз үйін тартып алған полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағымданды.

«Аяз бен суыққа қарамастан, жігіттер далада тұра береді. Суық тиген бірнеше жігіт ауырып қалды, бұл үшін басшылық өтемақы төлеуіқ керек, өйткені сырқаттанған жұмысшыларды үйлеріне апару олардың өкілеттіліктеріне кіреді. Біз өз проблемамызды шұғыл түрде шешу үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауабын күтеміз», - деді ереуілшілер.

Ал Phystech II басшылары жұмысшыларды «ортақ мақсатқа - мұнай өндіруді ұлғайтуға» жұмылуға шақырды. Жалақыны өндіріс нәтижелеріне қарай біртіндеп көтеру ұсынылды.