Bugin

Қарағанды облысында өрттен 6 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысында көпқабатты үйде өрт болып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттің шығуына себеп болған жағдайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов барған.

«ТЖД бөлімшелері  келгенге дейін тұрғындар 5 адамның мәйітін (2007, 2010 ж.т. ұлдар, 1983, 1991 ж.т. әйелдер, 1991 ж.т. ер) кіреберістен көшеге алып шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде барлау және жанып жатқан пәтердегі өртті сөндіру барысында 6-марқұмның (1977 ж.т. ер адам) денесі табылды» делінген хабарламада.

Баспалдақ пен тыныс алу аппаратының көмегімен түтін басқан пәтердің кіреберісінен 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өрт сағат 03:10-да оқшауланып, 04:00-де сөндірілді.

Өртті өшіруге Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61