Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Қайырымды жан» қоғамдық қайырымдылық қоры Тәуелсіздік күніне орай «Қайырымды такси» отандық мобильді қосымшасын іске қосады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл қосымша арқылы еліміздің тұрғындары қолжетімді бағаға отандық такси шақыра алады.
«Қайырымды жан» қайырымдылық қоры жобасының мақсаты - такси қызметінен түскен ақшаға еліміздегі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға, әлеуметтік жағдайы жоқ жалғызбасты, көпбалалы аналарға, науқас балаларға қол ұшын беріп, көмек көрсету.
Платформаның басқа шетелдік такси қосымшаларынан бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Екіншіден, әйел жүргізушіні таңдауға болады. Үшіншіден, балаларға арналған такси де бар. Сондай-ақ қосымшаны IT саласының 38 маманы реттеп отырғандықтан, қауіпсіздік мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Бір жағдай бола қалса, байланыс нөміріне тікелей хабарласуға болады.
Қосымшаны жасаушы Нұрәділ Асетдиллаұлының айтуынша, такси құны 400 теңгеден басталады. Әрбір шақырымы - 140 теңге. «Қайырымды таксидің» тағы бір ерекшелігі - кептеліс не ауа райының құбылмалы кезінде де баға құны еш өзгермейді. Сондай-ақ қоғамдық қор «Қайырымды такси» жүргізушілерін жұмыспен қамтиды.
«Қайырымды такси» мобильді қосымшасы 17 желтоқсаннан бастап еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Ақтөбе қаласында іске қосылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61