Спорт
2022 жылы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында аргентиналық жанкүйерлердің саны француздардан едәуір асып түседі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп.
Аргентина - Франция матчі ертең, 18 желтоқсанда өтеді. Матч 88 969 көрерменге арналған "Лусаил" стадионында болады.
Game-news24.com мәліметінше, ойынға шамамен 50 000 аргентиналық жанкүйер келеді деп күтіліп отыр. Бірақ Франциядан небәрі алты мың жанкүйер келеді.