Әлем

Перудегі наразылықтан 20 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Перудегі наразылық шаралары кезінде кем дегенде 20 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды және көптеген демонстранттар қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы euronews-ке сілтеме жасап.

Бірнеше аймақта енгізілген коменданттық сағат көтеріліске қатысты іс бойынша қамауға алынған бұрынғы президент Педро Кастильо жақтастарын тоқтата алмады. 

Қауіпсіздік күштері көшеге шыққандарды қатаң жазалауда. Перу омбудсмені қарулы күштер мен полицияны конституция мен заңға сәйкес әрекет етуге шақырды.

«Мен басқаратын өтпелі үкімет заңды түрде дауыс көтерген миллиондаған перулықтардың талаптарын түсінеді және тыңдайды», - деді Перу мемлекеті басшысының міндетін атқарушы Дина Болуарте.

Ел парламенті тығырыққа тірелуде. Кейбір депутаттар наразылықты басу үшін президент сайлауын 2023 жылға ауыстыруды ұсынды, бірақ бұл ұсынысты Парламент құптаған жоқ.