ДАМУ

Сауд Арабия халқы қазақ киносына сүйсінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясында дипломатиялық корпуста Ambassadors Choice International Film Festival кинофестивалі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина елдері қатысты.

Кинофестиваль аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты қазақстандық көркем фильмі көпшілікке ұсынылды. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген.

Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірін алды. Тамашалауға келгендер отандық кино актерлердің ойынын жоғары бағалады.

Олар сондай-ақ ең күрделі жауынгерлік, шабандоздық шеберлік көріністерінің ауқымы мен орындалуын атап өтті және «Томирис» фильмін соңғы жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атады.

Дереккөз: sputnik.kz