Bugin
Ақтөбе облысында жаттықтырушысымен жарысқа бара жатып жол апатына түскен балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп.
Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің аппарат басшысы Ержан Байтанаев айтты.
«Достар, дәл қазіргі уақыттағы балалардың жағдайы туралы хабарлауды жөн көрдім. Зардап шеккендердің бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығының жағдайы ауыр. Үш баланың халі орташа, олар хирургиялық бөлім палатасында ем алады. Балаларға медициналық көмек тәулік бойы көрсетіліп жатыр, бақылауға алынған. Барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі. Бүгін олар реанимациялық және хирургиялық бөлімшелерге жіберілді», - дейді Ержан Байтанаев.