Әлем

Көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Францияның оңтүстік шығысында орналасқан Лион қаласында жұма күні көппәтерлі тұрғын үйде болған өрт салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, оның 5-еуі бала. Аталған ақпаратты жұма күні Рона департаментінің префектурасы растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті әкімшілік өкілдерінің мәлімдеуінше, өрт Лион қаласының маңындағы Вольс-ан-Велене елді мекеніндегі 8 қабатты тұрғын үйден жергілікті уақыт бойынша, таңғы сағат 03:01-де шыққан.

Префектура өкілдері өртпен күреске 170 өрт сөндіруші жұмылдырылғанын хабарлады.

Өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61