Әлем
Үндістанның Педдапурам қаласында ер адам «Аватар: су жолы» фильмін көріп отырып, жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz.
India Today басылымының мәліметінше, үндістандық киносеанстың ортасында өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Жанындағы туысы оны дереу ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер қайтыс болғанын айтқан.
2010 жылы да Тайваньда 42 жастағы көрермен «Аватардың» бірінші бөлімін көргенде дүниеден өткен. Ер адам сюжетке қатты қобалжып, кейіпкерлер үшін уайымдағаны соншалық, оның жүрегі шыдай алмаған. Ал дәрігер фильмді шамадан тыс қобалжып көргеннен инфаркт пайда болғанын айтқан.