Bugin

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайына қатысты екі тергеу ісі аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі факті бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы аталмыш ведомствоға сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, тергеу ісінің бірі - кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, ал екіншісі адам ұрлау фактілері еді. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады.

«Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Гүлмира Сатыбалды және оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктеліп отыр» делінген хабарламада.

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша Сатыбалды Гүлмираға қатысты тергеу жалғасып жатыр.