Спорт

ӘЧ-ден кейін Франция президенті Мбаппеге не айтқаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франция президенті Эммануэль Макарон Қатардағы 2022 жылғы әлем чемпионатында Аргентинадан жеңілгеннен кейін жұлдызды шабуылшы Киллиан Мбаппеге қолдау сөздер айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Футболдан әлем чемпионатында 23 жастағы шабуылшы хет-трик жасады.

«Мбаппе мен бүкіл команданың істегені ерекше болды. Мбаппе - керемет ойыншы, дегенмен ол әлі жас. Мен оған өзінің небәрі 23 жаста екенін айттым, бірақ ол қазірдің өзінде турнирдің ең жақсы бомбардирі, әлем чемпионы және финалисті атанды.

Менің де ол сияқты көңіл күйім түсті. Оған өзімен мақтанғанымызды айттым, өйткені біз жеңіске бір қадам қалдық қой. Бірақ спортта мұндай жағдайлар болып тұрады», - деді Франция президенті.

Еске сала кетейік, Қатарда өткен әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамасы ойнады. Негізгі кезеңде 3:3 есебімен тең түсіп, шешуші пенальтиде 4:2 есебімен Аргентина құрамасы жеңіске жетті.