Bugin

Тоқаев twitter-де футболдан әлем чемпионатына қатысты жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізгенімен құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады», - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы Қатарда өткен әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жеңіске жетті.