Bugin

Түркістан облысында 50-ге жуық мұғалімнің жалған дипломмен сабақ беріп келгені анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында жалған дипломмен сабақ беріп келген 50-ге жуық мұғалімге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментінің өндірісінде Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту департаменті жүргізген тексерудің қорытындысы бойынша 10 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Онда түпнұсқасы жоқ жоғары білім дипломын пайдаланған 11 мұғалімге ҚР қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша айып тағылған.

Оның ішінде 5 іс - мектеп мұғалімдеріне қатысты болса, бесеуі - балабақша тәрбиешілері.

Сонымен қатар Түркістан, Сауран, Сарыағаш, Шардара аудандық полиция бөлімдерінде ҚР қылмыстық кодексі 385-бабымен 41 мұғалімге қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі таңда аталған қызметкерлерден толыққанды жауаптар алынып, қажетті сот-техникалық сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметте.