Bugin
ШҚО-да әкесі мен ұлының денелері өз үйінен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы Қабырға ауылындағы үйден екі адамның денесін тапқан. Олар – 59 және 29 жастағы екі ер адам.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Алдын ала болжам бойынша әкесі баласының атына тіркелген аңшылық мылтықпен оқ атып, ұлын жаралаған. Ұлы сол жерде қайтыс болған, содан кейін әкесі өзіне қол жұмсаған.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің деректері жарияланбайды», - деп мәлім етті полиция.