Әлем

Украина тағы бір қаланы азат етуге кірісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің басқыншы армиясының шеңгелінен босатылатын ендігі елді мекен Мелитополь қаласы болғалы тұр. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Стопкор» агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды.

Украинаның оңтүстігін Ресей әскерінен босатуда Мелитопольді азат етудің маңызы айрықша зор болады. Қазір Запорожье облысында осыған дайындық жасалып жатыр.

Мелитополь – оңтүстіктегі ендігі шабуылдардың түйінді нүктесі. Қырымға баратын жол да осы жерден басталады. Әскери сарапшы Дмитрий Снегирев қазір осы маңайда Ресей әскерлері орналасқан аудандарға жоғары дәлдікті соққылар беріліп жатқанын әңгімеледі.

Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный The Economist газетіне берген сұхбатында украин армиясының үлкен соғыс операциясына дайындалып жатқанын, бірақ оның әзір жоспары толық бекіп бітпегенін айтты. Ол өз сөзінде Украинада қазір бар снарядтар қорымен ірі операция жасалмайтынын, бұл үшін батыстан көмек күтіп отырғандарын алға тартты.

«Шайқастардың сәтті болатыны тек осы снарядтарға байланысты болып тұр», –  деді ол.