Bugin

Ақтау қаласы жаңа жылдық безендіруге ақша жұмсамайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Былтыр сатып алынған түрлі-түсті шамдар мен шағын архитектуралық пішіндер қолданысқа жарамды. Бұл туралы бүгін Bugin.kz порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме беріп хабарлайды.

«Бұл – бюджет қаражатын үнемдеу үшін жасалған амал. Шаһар халқы түсіністікпен қабылдайды деп сенеміз», - дейді жауаптылар.

Олардың айтуларынша, былтыр сатып алынған түрлі-түсті шамдар мен шағын архитектуралық пішіндер қолданысқа жарамды. Олар әдеттегідей қоғамдық орындар мен қала жағажайына орнатылады. Сондай-ақ тұрғындарға үйреншікті жерлерге 2 шырша қойылады.

«Былтыр пайдаланылған жаңажылдық шыршалар, соның біреуі – 11-шағын аудандағы «Ынтымақ» алаңына және 15-шағын аудандағы амфитеатрға, теңіз жағалауына орнатылады. Барлық жұмыстар коммуналдық мекемелермен іске асырылады», - деді «Ақтау қалалық ТҮКШ» ММ бас маманы Бақтияр Мақсатов.