Саясат
АҚШ пен Еуропаның көңілі тоқ емес
Белгілі журналист Джамал Хашогги оқиғасына Сауд Арабиясы үлкен қателік деп баға берді.
Жексенбі күні Fox телеарнасына сұқбат берген Сауд Арабиясының сыртқы істкер министрі Ахмед аль-Джубейр Хашогги отбасына және жақындарына болған жағдайға байланысты көңіл айтты.
"Бұл үлкен қателік. Бұл үлкен трагедия. Біз олардың ауыртпалығын сезіне отырып көңіл айтамыз",-деп ағынан жарылды.
"Өкінішті, үлкен әрі қауіпті қателіктердің бірі орын алып қойғаннан кейін, біз бұл істі соңына дейін апарамыз. Кінәлі міндетті түрде жазаға тартылады",-дейді министр.
2 қазан күні Хашогги елшілікке ажырасу туралы құжаттарын алуға кіріп жоғалып кеткен болатын. Алғашқыда араб билігі оның шығып кеткенін алға тартқанымен, кейін өлтірілгенін растады. Ал бұл жағдайды Батыс елдері жіті түсіндіріп беруін талап етіп отыр.
Ұлыбритания, Франция және Германия Джамал Хашоггидің өліміне байланысты түсінікті тездетіп беруді сұрайды. Нақты талап етіп отырғандары елшілік ішінде болған жағдай мен өлімге алып келген әрекетті ашық және жария түрде түсіндіру.
Ангела Меркель жексенбі күні берген сұқбатында, Сауд Арабиясына қару-жарақ экспорттауды тоқтататынын айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп арабтардың берген жауабына қанағаттанбайтынын жеткізді.
Түрік басшысы қайтыс болған журналистің өлімін тез арада анықтайтынына сөз берді.