«Көктайғақ, тұман, жел»: 20 желтоқсанға арналған ауа райы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Синоптиктер 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, негізінен қар, көктайғақ, қарға соғады.

«Тек елдің оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан Республикасының аумағында жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста - тұман түседі» - , деп мәлімдеді  «Қазгидромет» РМК.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°С, күндіз -4...-6°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°С, күндіз +3...+5°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°С, күндіз +8...+10°С.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61