Bugin

Қазақстанға белгілі бокс шебері өмірден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бокстан КСРО чемпионы, Қаз КСР және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Болат Теміров 53 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

«Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, Қаз КСР және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Болат Теміров өмірден өтті. Ол 53 жаста еді.

Болат Бисенұлы –  1992 жылғы Олимпиада мен бірнеше рет әлем чемпионаттарына қатысқан. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы карьерасын аяқтағаннан кейін бизнеспен айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды. Атырау облысының құрметті азаматы болды.

Қазақстан бокс федерациясы мен еліміздің барша бокс қауымдастығы Болат Бисенұлы Теміровтің отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», –  делінген федерация хабарламасында.