Bugin

Владимир Божконың баласына тиесілі компания жұмыртқа бағасын аса қымбат сатқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Курочка Ряба» көтерме саудагері Қазақстанда 6 миллион жұмыртқаға үстеме ақыны үштен бірге жуық өсірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сауда комитеті электронды шот-фактураларды талдау нәтижелері бойынша Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында тауық жұмыртқасы үшін заңмен белгіленген 15 пайыздық сауда үстемесінен артық қойылған тауық жұмыртқасын сату фактілерін анықтады. Атап айтқанда, көтерме дистрибьютор «Курочка Ряба» ЖШС қазан-қараша айларында екі құс фабрикасынан 25 миллионнан астам бірінші санаттағы жұмыртқа сатып алды, оның 6 миллионы 25-тен 27 пайызға дейін сауда үстемесімен сатылды» делінген министрлер кабинетінің хабарламасында.

Премьер-министр орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында негізгі өнімді өткізудегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысын қарау қорытындысы бойынша баяндады.

Өңірлерде анықталған фактілер бойынша барлық материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін әкімдіктерге жіберілгені атап өтілді.

«Бизнестен мүмкін емес нәрсені талап етпейміз, шығынмен жұмыс істеу мүмкін емес екенін түсінеміз. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асырмай, заң аясында жұмыс істеу керек. Мен тағы да әкімдіктердің назарын тауар бағасын бұзу тәжірибесін тоқтату қажеттілігіне аударамын», – деді Жұманғарин.

«Курочка Ряба» – Владимир Божконың ұлы Максим Божкоға тиесілі кәсіпорын. Владимир Божко әр уақыттарда төтенше жағдай министрі, мәжіліс депутаты, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.