ДАМУ

Майонездің адам денсаулығына зияны орасан: Дәрігер ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Майонез – ең танымал соустардың бірі. Майонездің басты қауіптілігі неде және оны үйде дайындасаңыз, дүкеннен сатып алғаннан гөрі пайдалырақ болатыны рас па? Дәрігер Светлана Перес осы сияқты маңызды сұрақтарға жауап берді.

Дүкен майонезі

«Көбінесе «майонез» деп аталатын дүкендерде сатылатын нәрсе – бұл жай ғана өнеркәсіптік түрде дайындалған, дәмі мен тіпті сыртқы түрі француздар ойлап тапқан нақты тұздыққа ешқандай қатысы жоқ. Нағыз майонездің түсі балдың түсіне ұқсайды – ол мөлдір, құрылымы мен дәмі өте нәзік», - дейді генетикалық метаболист Светлана Перес.

Дәрігер мойенездің ағзаға пайдалы емес, керісінше зиян болатынын айтады.

«Түрлі қоспалар дүкендегі майонездегі компоненттерді бекіту үшін қолданылады. Ағзаға түскеннен кейін бұл заттар сау ішек флорасын бұзып, жүрек ауруының қаупін арттырасыз. Себебі, дүкендегі майонездің бір ас қасығында 100 мг-нан астам натрий (тұз) бар және бұл бүйрекке шамадан тыс жүктемені тудыруы мүмкін, осылайша қан қысымын арттырады», - дейді маман.

Холестерин деңгейі көтеріледі

«Егер сіз күн сайын майонезді көп мөлшерде жесеңіз, холестерин деңгейін айтарлықтай арттыруға болады», - деп ескертеді ол.

Артық салмақ

«Майонездің бір ас қасығында шамамен бір грамм қант бар, бірақ қант "майы аз" майонезде одан да көп. Артық қант метаболикалық синдромның дамуы мен салмақ қосу қаупін арттырады», - дейді Перес.

Үй майонезінің зияны мен пайдасы

Сарапшының айтуынша, үйде дайындалған майонез табиғи жұмыртқа мен өсімдік майына негізделген, бірақ сонда да оның пайдасы жоқ.

«Жалпы, үйде дайындалған майонездің құрамына қатысты шағым жоқ, дегенмен оның мөлшеріне абай болу керек. Өйткені бұл да гиперкалориялық және өте майлы тағам», - дейді Светлана Перес.

Дәрігердің айтуынша, бір қасықтан артық майонез жеу артық салмақ жинауға алып келеді.

Дереккөз: massaget.kz