Спорт
Халықаралық спорт журналистері ұйымы аргентиналық футболшылардың кешірім сұрауын талап етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Российская газета» сайтына сілтеме жасап.
Басылым дерегіне сүйенсек, барлығы Аргентина құрамасы Францияны жеңген соңғы матчтан кейін басталған. Әр елден келген спорт журналистері жеңімпаздардан сұхбат алуға тырысқан. Алайда кей ойыншылар баспасөз өкілдеріне жауап берудің орнына «путан журналистері» деген әнді айта жөнелген. Аргентина құрамасының кейбір шенеуніктері де осы әнді шырқаған.
Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығы өзінің ресми сайтында Месси бастаған чемпиондардың кешірім сұрауын талап етті. Ең маңызды ойында аргентиналықтар жеңіске жеткенімен, футбол жайлы жазатын және кәсіби міндеттерін орындайтын адамдарды қорлауға құқық берілмегенін атап өтті.