Әлем
Украина дүниежүзілік банктің сенім қоры арқылы АҚШ-тан екі миллиард доллар грант алды. Бұл туралы республика үкіметі өз сайтында мәлімдеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Украинаның мемлекеттік бюджетіне дүниежүзілік банктің сенім қорынан екі миллиард АҚШ доллары көлемінде грант қаражаты түсті. Қаражатты Америка құрама штаттары дүниежүзілік банктің сенім қоры арқылы «Украинада тұрақты мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік шығындарды қолдау» жобасы арқылы берді», - деді билік.
Украинаға грант қаражаты осымен екінші рет беріліп отыр, қаржылай көмектің жалпы көлемі 4,5 миллиард долларды құрайды. Алынған грант азаматтық қорғау қызметінің жұмысшыларына зейнетақы мен жалақы төлеуге, сондай-ақ медициналық кепілдіктер бағдарламасы бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жіберіледі.
Бұған дейін Украина Германиядан 200 миллион еуро алған. Сонымен қатар 6 желтоқсанда Еуропалық Одақ мемлекеттері Украина үшін 2023 жылға арналған жаңа макроқаржылық несиелік көмек пакетін келісе алмады.