Әлем

Аргентинада жеңісті тойлау кезінде 22 жастағы жігіт жазым болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқиға Буэнос-Айрес провинциясының Баия-Бланка қаласында болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Dally Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметіне қарағанда, марқұм Себастьян Оскар Масиэль 22 жаста болған. Аргентина құрамасының жанкүйері халықтың серуені кезінде көз жұмған. Нақтырақ айтсақ, ол өзінің мотоциклімен жүргенде, тудың бір бөлігі дөңгелектің астына түскен. Соның салдарынан жас жігіт тұншығып қайтыс болған.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін Аргентина құрамасы еліне оралды. Оларды жанкүйерлер салтанатты отшашумен қарсы алды. Футболшылар мінген автобус Буэнос-Айрес көшелерімен жүріп өтпекші.

Аргентина футболшыларының алтын жүлдесін бүкіл ел тойлап жатыр.