Спорт

Криштиану Роналду күтпеген мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Marca мәліметіне қарағанда, 37 жастағы футболшы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті.

Сонымен қатар Роналду Рождество мерекесін Дубайда өткізіп, демалмақшы.

Катарда өткен әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсеткені белгілі. Криштиану, әсіресе, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының чемпион атанғанына қапалы. Сол үшін ендігі мақсаты - алдағы чемпионатқа қатысу.