Bugin

Бас прокуратура Челахтың Тоқаевқа жазған хатына қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Владислав Челахтың Тоқаевқа жазған хаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Владислав Челахтың мемлекет басшысына хат жазғаны, Арқанкергенде шын мәнінде не болғанын айтуға дайын екені хабарланған.

«Өкінішке қарай қазір менде Владислав Челахтың бізге жүгінгені туралы ақпарат жоқ. Сондықтан дәл қазір пікір айта алмаймын. Бірақ осылай жүгінген болса, оны пысықтап, тиісті жауап береміз», - деді Жандос Өмірәлиев.

Еске салсақ, Владислав Челах 2012 жылы Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.