Bugin
2 желтоқсан күні Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, кітапхана ұжымы және оқушылары «Ауыл мектебін қолдайық» әлеуметтік акциясы аясында Талғар ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылындағы орта мектебінде болып қайтты.
Акция барысында Зияткерлік мектептің кітапханасы «BOOKCROSSING» жобасы арқылы жинақталған 300-ден аса көркем әдебиеттер мен ғылыми-танымдық кітаптарды сыйға тартты.
Ал NIS оқушылары орта мектеп оқушылары үшін кішігірім READx ұйымдастырып, өздерінің сүйікті шығармалары туралы әңгімелесе, мектебіміздің білікті мұғалімдері өз тәжірибиелерімен бөлісті.
Айта кетейік, бұл акцияның басты мақсаты – облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауыл мектебінің материалдық және әдістемелік базасын нығайтуға көмек көрсетіп, зияткерлік мектеп тәжірибесін тарату.