Bugin
Астанадағы мемлекеттік төңкеріс пен терактіні дайындаған құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Азамат Ш. ішкі істер органдарының қызметкері қабылдаған антын бұзып, билікті күшпен басып алуға және елдің конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған қылмыстық ниетпен шығып, наразылық массасын жинау үшін пікірлес адамдарды іздеген. Халықты 2022 жылғы 17 мамырда Астана қаласында өткен заңсыз митингіге қатысуға, одан кейін шет мемлекеттің елшілігінің ғимаратында және мемлекеттік органның ғимаратында террористік актіні жасауға куәгерлерді шақырып, өзінің радикалды террористік идеяларын насихаттап, тәртіпсіздік тудырып, елдегі билікті күшпен басып алып, шариғат орнатуды көздеген», - делінген хабарламада.
Сот ер адамды билікті күшпен басып алуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, терроризмді насихаттауға, террористік іс-әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту және оқыту, сондай-ақ терроризм актісіне дайындалды деп айыптады.
Бұл ретте ол өз кінәсін мойындамады, бірақ радикалды идеяларға берілгендігін жоққа шығармады.