ДЕНСАУЛЫҚ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәжіліс алаңында елдегі эпидемиология жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанда тұмаудың үш түрі, соның ішінде тіркелген шошқа тұмауы да таралып жатыр.
"Қазақстанда шошқа тұмауы тіркелді. Ол - H1N1. Сонымен қатар аденовирус та тіркелді. Вирустар бір-бірімен қабаттасып, вирустық инфекция араласқан кезде асқынып, инфекция мен суперинфекция болатынын көріп отырмыз", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Сондай-ақ ол елде коронавирустың "омикрон-штамы" да жұғып жатқанын қоса кетті.
«Қазір біздің елде омикрон вирусы таралып жатыр. Омикронның бірнеше түрі бар. Вирус үнемі түрленіп отырады. Ол да қоршаған ортада тіршілік етеді және қазір оның «цербер» деген түрі де табылды», - деді Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында.
Айта кетейік, көршілес Қырғызстанда доңыз тұмауының көп таралуына байланысты мектептер жаппай карантинге жабылған.