Bugin

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсы.

«Жол апаты 20 желтоқсанда Алматы облысының Кеген ауданында болды. Hyundai көлігін 44 жастағы ер адам басқарып, Кеген-Көкпек-Түп жолының 60 шақырымында рульді басқара алмай, өтіп бара жатқан бағытта келе жатқан Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Hyundai жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, тағы екі зардап шегуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - деді сәрсенбі күні Кеген аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Әбділдаев.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.