Bugin

«Қазақмыс» ресейліктерге сатылуы мүмкін деген ақпарат тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желілерде қазақстандық «Қазақмыс» корпорациясының ресейліктерге сатылу ықтималдығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап .

Бұл болжаммен бөліскендердің бірі – Жезқазғандық азаматтық белсенді Берік Жағыпаров желтоқсан айында үш Ресей азаматының корпорацияның топ-менеджері болғанын негізге алады. Олег Копытов Қазақмыстың бас директоры болып тағайындалды, Перетолчин И.В. - техникалық директор, ал Козак Е. - ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару жөніндегі директор.

ҚазТАГ тілшісі корпорацияның екі қызметкерімен сөйлесті, олардың бірі «Қазақмысты» ресейліктерге сату жоспары туралы ақпаратты жоққа шығарса, екіншісі қызметкерлер арасында сату жоспары туралы қауесеттер бар екенін растады, бірақ әзірге нақты растау жоқ екенін атап өтті. 

Корпорацияның баспасөз қызметі тілшіден өтініш жазуды талап етті. ҚазТАГ агенттігінің редакциясы «Қазақмыстың» баспасөз қызметіне бұл басылымды сипатталған жағдайға қатысты түсініктеме сұрау деп санауды ұсынады.

Қазақмыс – Қазақстандағы тау-кен және түсті металлургия алыбы және әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі.