Әлем

2022 жылдың ең ықпалды еврейі кім екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

The Jerusalem Post басылымы жыл сайынғы жарияланатын «әлемдегі ең ықпалды еврейлер» тізімінде бірінші орынды Украина президенті Владимир Зеленскийге берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Басылым Зеленскийдің 2022 жылы үлкен мәртебеге ие болғанын және Украина төңірегіндегі жағдай аясында ең ықпалды еврей ғана емес, сонымен бірге әлемдегі ең ықпалды адамдардың біріне айналғанын атап өтті.

Бұл ретте екінші орын Израиль премьер-министрі Яир Лапидке, үшінші орын Франция премьер-министрі Элизабет Борнға бұйырды. Үздік ондыққа төртінші орын алған АҚШ-тың Израильдегі елшісі Том Нейдес пен бесінші орынға Израильдің бұрынғы премьер-министрі және елдегі оппозиция жетекшісі Беньямин Нетаньяху кірді. Сегізінші орында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен тұр.

Тізімге еврей текті саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері кіретін 50 есім бар. Басылым еврей күнтізбесі бойынша жаңа 5783 жылға арналған. 

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен Зеленскийдің Time журналының ең ықпалды 100 адамының тізіміне енгені белгілі болған.