Bugin

«Үлкен мәртебе»: Зеленский Байденмен не жайлы сөйлесті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

21 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды, оны президент Байден мен бірінші ханым Джо Байден қарсы алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы WIVB сайтына сілтеме жасап.

Кездесу басында Байден Ресей президенті Владимир Путинді "бейбіт тұрғындарға шабуылын күшейтіп жатқанын" және "қыс мезгілін қару ретінде пайдалануға" тырысып жатқанын айтты.

BBC басылымының мәліметінше, Джо Байден Путин бастаған қатыгез соғыста Зеленский жағында және бірлескен қорғаныста болғаны үлкен мәртебе екенін айтқан.

"Путиннің украина халқының ұлт ретінде өмір сүру құқығына қол сұғып, еш кінәсіз елді қорқыту үшін ғана бастаған шапқыншылығы басталғалы 300 күн өткеніне сену қиын", - деді Байден.