Bugin
Маңғыстау облысында 18 күн бұрын жоғалып кеткен Асқар Ерланұлы Қылышбеков табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, Маңғыстау ауданы Шетпе елдімекенінің 18 жастағы тұрғыны отбасындағы жанжал кесірінен үйінен шығып кетіп, Алматыға жол тартқан.
Жігітті іздеуге Lider.kz еріктілер қозғалысының мүшелері қатысты. Олар бүкіл Қазақстан бойынша жігітке іздеу салған.
Он сегіз күннен соң жігіттің өзі байланысқа шығып, отбасына тірі екенін хабарлап, бейнехабарлама жіберген.
Бұған дейін 18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда Маңғыстау ауданының Шетпе елдімекеніндегі үйінен шығып кеткені хабарланған.