Bugin

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды пойыз қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз баланы пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Otyrar телеграм-арнасы.

«16 желтоқсанда Түркістан облысындағы Манкент стансасында жүк пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жүргізуші жедел тежеуді басып, сигнал берді, бірақ қыз құлаққап пен капюшон киіп алғандықтан, оған назар аудармады», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Зардап шегуші Сайрам ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.