Bugin

Қымбат мүлкі тым көп: Бай қазақстандықтарға сән-салтанат салығы салынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан пайда болатынын және оның кімдерге әсер етуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Мұның барлығын қазір талқылап жатырмыз. Бізде әртүрлі ұсыныстар бар, соның ішінде жеке тұлғада бірнеше жылжымайтын мүлік объектілері бір адамға тіркелген болса, онда ол әдеттегі жолмен төлейді. Бірақ егер сан жағынан артық болса... Яғни, біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз: не құны, не саны бойынша. Мұның бәрін алдағы уақытта пысықтайтын боламыз», - деді министр Сенатта журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сондай-ақ Қуантыров салық негізінен осы салықты төлеуге мүмкіндігі бар ауқатты адамдарға қатысты болады деп сендірді.

"Сәйкесінше, бұл салық орта тапқа зиян тигізбейді. Сән-салтанат салығы, негізінен, қымбат көліктерге, басқа сәнді заттарға, мүмкін антиквариатқа, жылжымайтын мүлікке және т.б. қатысты болуы мүмкін", - деп түсіндірді ол.

Министр сән-салтанат салығын толық енгізу 2024 жылға жоспарланып отырғанын айтты.

«Келесі жылы Салық кодексі бойынша негізгі жұмыстар атқарылады. Әсіресе, бірінші жартыжылдықта талқылап, ортақ шешімге келеміз. Біздің жоспарымызға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Егер қосымша уақыт керек болса, біз оны қарастырамыз», - деді Ә. Қуантыров.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елде сән-салтанат салығын енгізу мәселесін қарастырудың маңыздылығын айтты.

«Салық реформасының бөлігі ретінде «сән-салтанат» деп аталатын салықты енгізуді қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көліктер сатып алу үшін алынады және орта тапқа әсер етпейді», - деді президент Жолдауында.