ДАМУ

22.12: Бүгін қандай күн?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл күн Григориан күнтізбесінде 1582 жылы Джулиан күнінің орнына енгізілген 357-ші күн. Жылдың аяқталуына 9 күн қалды. Бұл күн туралы Bugin.kz анықтама ұсынады.

22 желтоқсанда қандай мейрам тойланады?

Бүгін жылдағы ең қысқа күн әрі ең ұзақ түн болмақ. Сондай-ақ бұл күн –  ТМД елдерінде энергетик мамандардың кәсіби мерекесі. Бұл мейрамды энергетика саласына қатысы бар адамдардың бәрі тойлайды. Мәселен, жылу электр орталығының, гидрогенерациялық компаниялардың, атом станцияларының қызметкерлері, инженерлер, монтаждаушылар, жөндеушілер, қызмет көрсетуші және көмекші қызметкерлер, мұғалімдер, студенттер, бейінді білім мекемесінің түлектері, негізінен энергия өндірісіне бейімделген елді мекендер тұрғындары.

22 желтоқсанда әлемде болған оқиғалар

1857 жылы Ресейде алғашқы пошта маркасы пайда болды;

1917 жылы АҚШ-тың Конгресі елде "құрғақ заңды" енгізді;

1989 - Берлин Бранденбург қақпасы 28 жылдан кейін қайта ашылды, бұл ГДР мен ГФР біріккенін білдіреді;

1992 жыл – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды;
2000 жыл – «Айгөлек» балалар журналының алғашқы саны шықты.

2007 жылы алғашқы африкалық жасанды Жер серігі ұшырылды.

22 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен қорғанысы туралы" заң қабылданды;

2000 жылы "Айгөлек" балалар журналының алғашқы саны жарық көрді;

2008 жылы Қызылордада ТМД елдеріндегі бірегей күріш кеспесін өндіретін зауыт ашылды.

22 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар кімдер?

1903 жылы америкалық нейрофизиолог Холден Хартлайн дүниеге келді. Физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығы иегері. Көз алмасындағы бастапқы физиологиялық және химиялық көру процестері туралы жаңалық ашқан;

1936 жылы америкалық актер Гектор Элизондо дүниеге келді (фильмдері "Коломбо", "Сұлу қыз", "Отбасын жалдау");

1937 жылы кеңестік және ресейлік жазушы, сценарист, балалар кітаптарының авторы  Эдуард Успенский дүниеге келді;

1962 жылы британ актері, режиссер, "Оскар" сыйлығының екі дүркін иегері Рэйф Файнс дүниеге келді (фильмдері: "Шиндлер тізімі", "Гарри Поттер", "Ағылшын науқас", "Брюггте тұңғиыққа кету").

1803 жылы күйші Бисенбі Дөненбайұлы дүниеге келді;

1859 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Бақтыгерей Құлманов дүниеге келді;

1954 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің директоры Алла Сейітова дүниеге келді.