Әлем

Украинаның беделді азаматына қастандық жасалды: Кімнің әрекеті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украианның Донецк қаласында «Роскосмос» кәсіпорнының бұрынғы бас директоры Дмитрий Рогозин туған күнін атап өткен «Шеш-Беш» мейрамханасына белгісіз адамдар оқ жаудырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме беріп.

Шабуылдан «Донецк Халық Республикасы» үкіметінің төрағасы Виталий Хоценко жараланып, оның күзетшісі қаза тапты. Осы жерде тағы 5 адам жарақат алды. Оның ішінде мейрамхана әншісі де бар. Сондай-ақ Рогозин де түрлі жарақат алған. Оқтың бірі оның жамбасына тиген.

«Мен өмір сүреді екенмін. Мүгедек болмайды екенмін. Оқ омыртқама бір сантиметр жетпей қалды», –  деді ол.

Рогозин майдан шебінде өзіне «Космос» деген лақап атын алған. Ал дәрігерлер оның қашан аяққа тұратынын айтпады.