Bugin
Қаңтар трагедиясы толық зерттеліп үлгермесе де, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі студенттерге арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің бағдарламасына енді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2023 жылдан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарында ұзақтығы 150 академиялық сағатты құрайтын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы енгізіледі.
Бағдарлама бес тақырыптық блоктан тұрады:
▪️ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы;
▪️Түркі өркениеті және Ұлы Дала;
▪️Қазақстан жаңа дәуірде (XVIII-XX ғ. басы);
▪️Қазақстан КСРО құрамында;
▪️Тәуелсіз Қазақстан.
Әрбір блоктың деректері жаңартылды, бірақ жаңа ақпараттың көпшілігі соңғы блокта болады.
Ең қызығы, студенттер Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерделей отырып, 2022 жылғы қаңтарда болған оқиғаларға тоқталып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі соңғы референдумда, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын да оқиды.