Қоғам

Ақтөбеде әлімжеттік көрген 9-сынып оқушысы көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

11-сынып оқушылары 14 жастағы жасөспірімнің денесіне жарақат салмай ұрған. Оқушы алған соққыдан үйіне жете алмай көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 20 желтоқсан күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тіркелді. Ауданнан 100 шақырым жердегі Бегімбет ауылында 11-сынып оқушылары 9-сынып оқушысына әлімжеттік жасаған.

«Інім сол күні кешкі сағат 10:30 шамасына ата-анасына үйге келе жатқанын хабарлаған. Кейін денесін алып келді. 11-сынып оқушылары ұрған, тепкен. Інім жуас, ешкімге тиіспейтін. Жоғары сынып оқушылары ұрып кетіп қалғаннан кейін інім қасындағы досына өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Өздері ауылдың медбикесіне апарады. Сол аралықта жан тапсырады. Денесінде көзге көрінетін жарақат жоқ. Ішкі құрылысы зақымданған. Бауырын езіп жіберген», – дейді марқұмның туыс әпкесі Гүлмира Базарбаева.

Оқиға туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті әлі ақпарат берген жоқ.

Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе