Әлем

Қытайда ковид жұқтырғандар саны артты: Ауруханада орын жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістан билігі азаматтарды тағы да ковид шектеулерін сақтап, бетперде киюге шақырды. Көрші Қытайда вирустың өршуінен Үндістан билігі сақтануға кірісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы апталарда жаңа ковид-19 толқынының таралуына байланысты Бейжіңдегі және Қытайдың басқа қалаларындағы ауруханаларда орын жоқ.

Қытай билігі ауру саны салыстырмалы түрде төмен екенін айтады, ал ДДҰ төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Майкл Райнның айтуынша, Қытайдағы реанимация бөлімшелері тез толып жатыр.

Осыған байланысты көршілес Үндістан билігі тұрғындарды қайтадан бетперде киіп, пандемия кезінде ұсынылған ережелерді сақтауға, сондай-ақ сақтық шарасы ретінде вакцинаның күшейткіш екпесін алуға шақырды.

Қытай алғаш рет елге шетелдік вакцинаны жеткізуге рұқсат берді - сәрсенбіде германиялық Pfizer/BioNTech бірінші партиясы келді.