Bugin

Аққу өлтірген күдіктінің кім екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Іnstagram-дағы парақшалардың бірінде балық аулауға келіп, айырмен аққуды түйреп алған видеодағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасындағы мәліметке сай, Қызылорда облысының полиция департаменті жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізді. Оқиға осы күнге дейін полиция департаменті бойынша тіркелмеген.

«Бейнежазба Қызылорда облысы, Сырдария ауданы полиция бөлімінде «Ақпаратты есепке алу кітабына» тіркелді. Нәтижесінде бейнежазбадағы 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріш каналының жағасында орын алып, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды» делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылады.