Bugin

«Үкілі домбыра» атты аймақтық байқау өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкпекті ауданында тұңғыш рет оркестр құрған, аға-ұстаз, күйші Нұрлан Күшебайұлы Қожықовты еске алу, оның өнерін насихаттау  мақсатында «Үкілі домбыра» атты аймақтық байқау өтті. Байқауға мұрындық болып ұйымдастырған Көкпекті ауданындағы «Оқушылар шығармашылық сарайы». Ал, күйшінің ұрпақтары демеушілік жасады. Өнер ордасында өткен күй жарысына Тарбағатай, Ақсуат, Жарма және Көкпекті ауданының саз, өнер мектептерінің оқушылары қатысты.

Байқау шарты бойынша үш кезең бойынша оқушылар бақтарын сынады.

1) 10-13 жас ерекшеліктері  бойынша

2) Дәстүрлі ән

3) 14-17 жас ерекшеліктері бойынша өнер көрсетті.

Тапсырыс бойынша 35 шақты оқушылар болды. Алайда ауа-райының қолайсыздығына қарамай жарысқа келген оқушылар саны 25 болды.

Әділ қазы мүшелері :

1.       Рысханов Шалқар Рысханұлы- «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі»,  Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан Өнер училищесінің оқытушысы.

2.       Жұмағұлов Қуаныш Жанабайұлы – Қазақстан Республикасының Халық әртісі Бибігүл Төлегенова атындағы оркестрінің  және Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармониясының  примашы концертмейстрі.

Осы музыка саласының майталмандары құрамынан құрылған әділқазылардың шешімі төмендегідей болды.

10-13 жас:

Бас жүлде Ақсуат ауданы, А. Байқадыров атындағы саз мектебінің оқушысы Нұрым Бақытов ие болды.

1 орын

Қалибек Зере Жарма ауданы «Өнер» мектебінен

2 орын

Мұхтаров Мадияр, Оқушылар шығармашылық сарайы, Көкпекті ауданы

Серікжан Нарқыз, Ақсуат ауданы, А. Байқадыров саз мектебінен.

3 орын

Жақсыбай Ерсұлтан, Көкпекті ауданы «Оқушылар шығармашылық сарайы» оқушысы.

Перизат Тылеубек, Жарма ауданы Өнер мектебі

Сағадиева Эльмира, Ақсуат ауданы А. Байқадыров атындағы саз мектебі

«Дәстүрлі ән байқауы»

Бас жүлде

Нұрай Тұрсын, Жарма ауданы Өнер мектебі

1 орын Ділдәбек Камшат, Оқушылар шығармашылық сарайы, Көкпекті ауданы

2 орын Тоқтархан Айғат, Жарма ауданы Өнер мектебі

14-17 жас бойынша:

Бас жүлде

Андраш Балнұр, Жарма ауданы Өнер мектебі

1 орын Ахан Гауһар, Оқушылар шығармашылық сарайы, Көкпекті ауданы

2 орын

Мирас Айтахметов, Ақжар саз мектебі

Гүлден Ризаева, Оқушылар шығармашылық сарайы, Көкпекті ауданы

Дінмұхамбет Бекқазы, Жарма ауданы Өнер мектебі

3 орын Балауса Байгериева, Оқушылар шығармашылық сарайы Көкпекті ауданы

Рахым Кабдылманапов, Оқушылар шығармашылық сарайы

Қайыргелдіқызы Нұрайым, Оқушылар шығармашылық сарайы

Номинация бойынша:

«Шебер орындаушы» Рымханов Әлижан, Жарма ауданы Өнер  мектебі

«Көрермендер көзайымы» Шакен Қайыржан, Ақжар саз мектебі

«Үздік домбырашы»

Серікова Алина, Оқушылар шығармашылық сарайы

«Шерпе күй» шебері Адель Мауытқанова, Оқушылар шығармашылық сарайы, Көкпекті ауданы

«Көрермендер көзайымы» Ержан Томирис Оқушылар шығармашылық сарайы

Нұржан Жігер, Оқушылар шығармашылық сарайы

«Үздік домбырашы» Төлеухан Мади, Ақжар саз мектебі