Bugin

Мәслихат депутаты «Каспий» футбол клубының ақшасын қалтасына басқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлідеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 25 қарашада Ақтау қалалық соты үкімімен Ахмет Салманов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Экс-депутатқа заңға қайшы жолмен алынған қаражаттан он есе көп айыппұл салынды.

Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

«Ахмет Салманов 2021 жылдың мамыр айынан бастап 2022 жылдың шілдесіне дейін алаяқтық жолмен «Каспий» футбол клубына жалпы қамқорлық көрсетем және футбол клубын ұстауға облыстық бюджеттен қаражат бөлуге жәрдемдесем деген желеумен клуб директорының 766 000 теңге қаражатын қалтасына басқан» делінген мәліметте.

Енді сотталған азамат 7 млн 660 мың теңге төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енді.