Спорт

Лионель Месси «ПСЖ» футбол клубынан кетпейтін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2023 жылдың жазында «ПСЖ» клубынан кетпейтін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.

Relevo басылымының мәліметінше, клуб президенті Нассер Әл-Хелаифи 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде шабуылшының әкесімен кездесті. Кездесу барысында Мессидің клубта тағы бір маусым өткізетіні туралы ауызша келісім жасалған.

Мессиге «Барселонаға» қайта оралуға қатысты ұсыныс түспеген.

Сонымен қатар, 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін Месси тағы бір Чемпиондар Лигасын жеңіп алуға ниетті.

Бұған дейін «Барселона» клубының президенті Джоан Лапорта Лионель Мессидің Барселонаға оралуын талқылағысы келетіні туралы хабарланған. Аргентиналық «ПСЖ» келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды.