Bugin
Астаналық ер адам балаларының көзінше жұбайының бас сүйегін сындырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2022 жылдың 17-18 наурызы аралығында отбасындағы жанжал кезінде болған. Соның кесірінен келіншек басынан ауыр жарақат алып, үш рет ота жасаған. Қазір ол балаларының өмірі мен денсаулығы үшін ғана емес, жұбайының тиісті жазасын алмауынан да қорқады. Бұл туралы "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Тансари жазды.
"Бұл - өте қорқынышты қылмыс. Фотосуреттерді көру мүмкін емес, оларды жарияламаймын. Жабайы террор, агрессорлар әйелдеріне не істейді?! Бізге мұндай агрессорларға қатал болатын заң қажет! Күйеуі ұрғаннан келіншектің беті мен бас сүйегінде ең ауыр жарақаттар бар!",- деп жазады ол.
Басылым мәліметінше, ер адам кішкентай балаларының көзінше келіншегін ұрып-соққан.
"Мен баламен бірге бөлмеден шығып бара жатқанымда, басымның артқы жағынан ауыр затпен ұрып қалды Содан кейін мен құладым, ал ол бірден артқы жағымнан және бүйірден тепкілей бастады. Мен тоқтатуын өтініп едім, бірақ ол қоймады. Мұның бәрі сол кезде 2,6 жас және 1,3 айлық балаларымыздың көзінше болды. Олар қолымен ұрғылап, жылағанда ғана күйеуім пәтерден шығып кетті. Мен дәлізде басымнан қан кетіп жатып, есінен танып қалдым. Бірақ сәбилерім қорқып, жылап жатқанын біліп, жуынатын бөлмедегі телефонға дейін жетіп, анама қоңырау шалдым. Содан кейін анам жедел жәрдем мен полицияны шақырды", – дейді ол.
Қазір келіншек балаларымен бірге анасының үйінде тұрып жатыр. Стационарлық емдеуден өтеді. Балаларда сол оқиғадан кейін қорқыныш, ұйқысыздық пайда болғандықтан, психолог пен психиатрға апарады.
Тергеу 8 айдан астам уақытқа созылып жатқандықтан, жәбірленуші күйеуі жазасыз қала ма деп қорқады.